Жаңалықтар

Түрік бауырлар қайда? Өзбекстан 300 тонна гумкөмек жіберіпті

Өзбекстан елімізге гуманитарлық көмек жіберді

Көршіміздің үкіметі тарапынан ұсынылған 300 тонна жүк Түркістан облысы аумағына жеткізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Енді сол жерден тасқыннан зардап шеккен өңірлерге таратылады. Бұдан бөлек, қарапайым өзбекстандықтардың қолдауы бар. Олар бірнеше күннен бері жылу жинап, арнайы көмек әзірледі. Халыққа ең қажетті азық-түлік, балалар мен ересектерге арналған киім, төсек жабдық және резеңке қайықтар. 

Осыдан бірер күн бұрын Ташкентте ашылған гуманитарлық пункт алғашқы жүк керуенін жолға шығарды. Сауапты істің басы-қасында жергілікті кәсіпкерлер, белсенді азаматтар және қазақ мәдени орталығының өкілдері жүр.