Аймақтар

Жайық өзенінде суға батып бара жатқан ер адам құтқарылды

Жайық өзенінде суға ағып бара жатқан ер адам құтқарылды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ер адамды БҚО полиция департаментінің кіші сержанты Әміржан Бірлесов құтқарып қалды.

Оған ТЖМ қызметкерлері, «Ұлттық ұланның» әскери қызметшілері және сол төңіректе болған бірнеше азамат көмекке жүгірді.

Айтуларынша, мұндай оқиға тасқын су кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамай, қойылған шектеулерге құлақ аспағаннан туындайды.