Қарақат Әбілдина туған күнінде құрбыларына көк орамал таратты
Қарақат Әбілдина кеше 46 жасқа толды
Әнші Қарақат Әбілдина кеше 46 жасқа толды. Ол туған күнінде Германияда болған. Әнші елге оралғаннан кейін құрбы-достарына шағын дастарқан жайып, туған күнін атап өтті, - деп хабарлайды Newsroom.kz
"Достар, менің туған күнім әлі жалғасып жатыр. Бүгінгі кеш осындай жақсы адамдардың ықылас-ниеті, тілегінен туындады. "Биыл туған күніңде шетелде болдың, құттықтай алмадық" деп сыйлығын үйге жіберген, қайда жүрсем де ықылас-ниетін білдіріп жүрген жақын адамдарымның басын бір қосайын деп осындай шағын отырыс ұйымдастырып жатырмын. Көтермесек көңілді кір басады дейді. Елдегі жағдай реттеліп жатқан сыңайлы. Алла өзі жар болсын, - деді әнші инстаграмдағы сторисінде.