Кез-келген іске “икигай техникасымен” кіріс

07 Наурыз, 2020 93 0

Дәл қазір сізде бұл қандай техника деген сұрақ туындауы әбден мүмкін. 

 Жапон философиясында «икигай» деген түсінік бар. Бұл– әр таңды асыға күтіп, барыңды салып, үлкен махаббатпен жасайтын өмірлік ісің. Кез келген іс икигай бола алады. Мысалы, біреудің икигайы аула сыпыру болуы мүмкін. Ол аула сыпырғаннан ләззат алады. Сол істен өмірінің мәнін көреді. Икигайын тапқан адам сол істің хас шеберіне айналады.  “Икигай табу” техникасы:
1)    Ең алдымен ұнататын істеріңді жазып шық. Максимум 20 болсын;
    Ал егер қандай істі ұнататыныңды білмесең ше ? Немесе ондай істерің тым аз болса ше ? Онда «Швед үстелі» принципімен ойға келген, «істеп көрейінші осы» деген істерді шет-шетінен істей бер. Максимум 50 жаңа іспен айналысып көр. Мысалы, бұған дейін шаңғы теппеген болсаң, шаңғы теп. Жүзуге бар. Істеп көрмесең, нені ұнататыныңды қалай білесің ?
2)    Алдыңғы тізімдегі ұнататын істеріңнің ішінен қолыңнан келетіндерін бөлек  қағазға жаз. Максимум 10
3)    Осы тізімдегі адамдарға қажет дегендерін бөлек жазып қой. Максимум 4
4)    Енді қалған істердің ішінен жұрт оған ақша төлеуге дайын бір істі таңда. Бұл  – сенің икигайың.
5)    Бұл сенің икигайың ба, жоқ па, толық көз жету үшін өз-өзіңе былай сұрақ қойып көр:
«Егер бұл іспен айналысу үшін өз қалтамнан ақша шығруым қажет болса, бұл ісімді жалғастыра берер ме едім ?»
«Иә»  деп жауап берсең, күмәнің болмасын, бұл –сенің икигайың.
Осындағы көрсетілген бес істі жүзеге асырып, нәтижеге қол жеткізіңіз.

Тегтер: Жетістік, нәтиже, сәттілік, ізденіс

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.