Ресейлік актриса Димаш Құдайбергенге пародия жасады. Алайда ол Максим Галкиннің сынына ұшырады
Ресей әншісі Димаш Құдайбергеннің образын қайталады
Белгілі ресейлік актриса Валерия Ланская "Точь-в-точь" телешоуында "Любовь уставших лебедей" әнін орындап, Димаш Құдайбергеннің образын қайталады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Қазылар алқасындағы Леонид Ярмольник, Максим Аверин және Михаил Боярский Валерия Ланскаяның өнерін ең жоғарғы бес ұпаймен бағаласа, артист, шоумен Максим Галкин бұл орындауды сәтсіз деп сынға алды.
"Сен авантюриссің. Бірақ, нөмір жаман шықты, осы сөзім үшін кешіріңдер. Жоғарғы ноталарды алу үшін әнді бүлдірдің. Димаш Құдайбергенге сөз жоқ, ешкімге оның образын алуға кеңес бермес едім. Ноталарды қалай орындайды екенсің деп қатты уайымдадым. Димаш төменгі ноталардан жоғарғыға еркін өтеді. Ең бастысы, ол дауысын толық еркін басқарады. Бес октава болғаны үшін ғана емес, дельтаплан қалай ұшады, сол секілді октавалар арасында емін-еркін жүреді. Бұл жерде ең бастысы – ноталар", – деді Максим Галкин.