Атырауға Грузиядан гуманитарлық көмек келді
Атырау облысына Брожоми қаласынан көмек келді
Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысындағы ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.
Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын.
Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.
Айта кетейік, Атырау қаласында гидропосттағы су деңгейі бүгін 399 см, тәулігіне + 3 см деңгейге дейін көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 208 см құрайды.