Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Атырауға Грузиядан гуманитарлық көмек келді

Атырау облысына Брожоми қаласынан көмек келді

Атырауға Грузиядан гуманитарлық көмек келді
Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штабы

Атырау облысындағы төтенше жағдайға байланысты Грузия елінің Боржоми қаласынан гуманитарлық көмек келді,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысындағы ТЖ жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

Өткен жылдың қыркүйек айында Грузияның Боржоми қаласы Атырау қаласымен бауырластық байланыс орнатқан болатын.

Өңірдегі ахуалға байланысты Боржоми муниципалитеті 3 мың бөтелке “Боржоми”минералды суымен гуманитарлық көмек көрсетті.

Айта кетейік, Атырау қаласында гидропосттағы су деңгейі бүгін 399 см, тәулігіне + 3 см деңгейге дейін көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы су көтерілуі 208 см құрайды.