Есте сақтаңыз: енеге мүлдем қолданбау керек бес сөз!

07 Наурыз, 2020 432 0

"Тәрбие тал бесіктен басталады"- демекші қыз баласы өз отбасында көрген тәрбиесімен жатжұртқа сіңуіне тура келеді. Ене-ол өз ұстанымы бар, келінді басынан тәрбиелеуді басты мақсаты ұстанатын жан.                              Алғашқы бір, екі жыл одан кейін үш, төрт жыл қиындау кезең десек те болады. Әртүрлі келіспеушіліктердің арқасында ене мен келін немесе ері мен әйелінің арасында жанжал туындай бастайды. Үйдің берекесі ене мен келіннің татулығында. Келін өздігінен жаман болмайды, ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін жайменен, жатығымен үйретіп отыратын енеге сабыр мен байыптылық керек. Ал келінге болса, үлкенді сыйлау білу, ер азаматының анасы ретінде құрметтеу, барынша төзімді болу маңызды.
       "Келіннің зекіп айтқаны, езіп құйған умен тең, көңілсіз берген тамағы, құм аралас күлмен тең" демекші үйдің ұйытқысы, ұрыс-жанжалды болдырмау, оның алдын алу туралы сөз етеміз. Әр шаңырақтың ішкі саясаты, әр адамның тәрбиесі, жалпы түсінігі әртүрлі. Алайда қазіргі заманда белең алған ажырасу сияқты мәселені болдырмауға өз септігімізді тигізсек құба-құп болар еді. Ал кеттік, бүгін біз келіннің енеге қандай сөз айтпауы керектігі жөнінде айтатын боламыз.
      1. "Менің анам басқаша үйреткен"
   Әрине, сіз үшін ана ең қымбат жан. Әркім өз анасының ісін құп көріп, үлгі алып өсері анық. Жай ғана мысал "самсаны былай пісірмейді, анам былай істейді" дегендей. Енеңіз көрсеткенді жасай салыныз. Уақыт өте келе қолыңыз қалай үйренеді соны жасап кетесіз. Ең бастысы "сіздікі дұрыс емес" деу.
     2. "Балаңыз мені қаттырақ жақсы көреді"
     Егер шынымен ақылды келін болсаңыз, бұл сөзді мүлдем қолданбайсыз. Себебі анаға деген махаббат, жарына деген мүлде екі бөлек дүние. 
    3. "Сіздің балаңыз-мамасының баласы"
       Бұл сөзбен сіз енеңізді қорлағандай боласыз. "Сіз дұрыс тәрбие бере алмағансыз" дегенмен бірдей. Ол сөз кімге жағар дейсіз?!
    4. "Араласпаңызшы, өзіміз шешеміз!"
    Кез-келген үлкен кісі ақыл айтқысы келеді. Өмірден көрген-түйгенін, кәдесіне жарар деп айтуы мүмкін. Сондықтан ондай артық сөз айтып, зілмен жауап бермеген дұрыс.
    5. "Мен солай жасаймын!"
   Енді сіз олай ойлайтын, жасайтын немесе шешетін жалғыз адам емессіз. Сіздің құдай қосқан жарыңыз, отағасы бар екенін ұмытпаңыз. "Отағасы немесе әкесі былай жасасақ, дұрыс болар еді" деген сыңайлы жауаптар айтқан дұрыс.    
       Осы сынды мысалды келтірдік. Жалпы қыз бала дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеуге кірісетін халықпыз. "Қызым саған айтам, келінім сен тыңда" демекші астарлап, қызды жастайынан, келінді басынан бір арнаға салу әр ата- ананың борышы. "Шешесін көріп, қызын ал"-деген қанаты сөздің астарында үлкен мағына бар. Келін екі жақтың әңгімесін жеткізіп, екі жаққа тасымауға тырысу керек. Оған анасы әрқашан сөзін сөйлеп, қызына қолдау білдірмеу керек.  "Төркіні тентек келіннің тілі ұзын, төркіні момын келіннің жібі ұзын"- демекші анасы қызына қолдау көрсетіп, сөзін сөйлемеу керек. Ашумен айтылған сөз, көңілге қаяу түсіретіні анық. Осылайша жан-жақтан қолдау көрсеткен жас отбасы, бір күні ұйып отырған шаңыраққа айналары сөзсіз.

Тегтер: Келінменене, отбасы, ұрыс-керіс, татулық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.