Жаңалықтар

«Alageum Electric» су тасқынына 100 млн тг астам ақша аударыпты

«Alageum Electric» электротехникалық холдингінде 4500 астам адам еңбек етеді

Сәуір айының басынан бастап «Alageum Electric» Компаниялар тобының кәсіпорындары ауқымды су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек ретінде жалпы сомасы 102 миллион теңге бөлді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Оның ішінде 75 миллион теңгесін Топ кәсіпорындары «Демеу Қазақстан қоры» корпоративтік қорына, 10 миллион теңгесін «Сүйікті Қостанай» ҚҚ-на, 7 миллион теңгесін БҚО «Ақжайық» өңірлік жеке қорына аударды, сондай-ақ Петропавл қаласына 10 миллион теңге баламалы сомада ПЭТЗ зауытының жаңа трансформаторлар берілді.  

Қазіргі уақытта «Alageum Electric» кәсіпорындары өңірлерде автокрандарды, тиегіштерді, экскаваторлар мен самосвалдарды қоса алғанда техникамен, сондай-ақ волонтерлік көмекпен барлық көмек көрсетіп жатыр. Қиын жағдайға тап болған барлық отандастарына жанашырлық таныта отырып, Компаниялар тобының қызметкерлері бір күндік жалақыны «Демеу Қазақстан қоры» қорына аударды.

«Біз су тасқыны қаупіне қарсы тұру үшін күш біріктірген барлық қызметтерге, сондай-ақ Орал, Петропавл және Ақмола облысындағы қызметкерлерімізге алғысымызды білдіреміз. ПЭТЗ және УТЗ инженерлері қалаларды қорғауға жергілікті билік органдарымен және ТЖ қызметтерімен бірлесіп, бөгеттер салуға қатысты. Біздің қызметкерлер кәсіпқойлық пен батылдық танытып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершіліктің жоғары деңгейін және ел тағдырына бей-жай қарамайтындықтарын көрсетті», - деп атап өтті «Alageum Electric» КТ Директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов.

«Alageum Electric» электротехникалық холдингінде 4500 астам адам еңбек етеді. Топтың ірі кәсіпорындары - Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты, «Электромонтаж» АҚ және басқа да кәсіпорындар. «Alageum Electric» Тобы бар өңірлердегі ірі салық төлеуші және жұмыс беруші бола отырып, жергілікті электр жабдықтары өндірісін дамытуға және энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға ықпал етеді. Әлеуметтік жауапты компания ретінде холдинг ғылымды, білім беруді, экологияны дамытуды, жамбы ату мен арқан тартыс ұлттық спорт түрлері мен қазақ тілі дамыту қорларын белсенді қаржыландырады.

Естеріңізге сала кетейік, бөлінген қаржы қаражаты мен жабдықтар зардап шеккен өңірлердің инфрақұрылымын қалпына келтіруге, үйлер салуға және отандастарымызға өзге де көмек көрсетуге жұмсалады.