Жаңалықтар

Қазақстанның Солтүстік Кореядағы елшісі тағайындалды

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев КХДР-дағы елші қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, - деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының жарлығы бойынша, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Шәкизатұлы Нұрышев Қазақстан Республикасының Корей Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды", - делінген хабарламада.