Жаңалықтар

Иранның 12 жыл бойы басқарған парламент басшысы ауысты

Иранның парламентінің жаңа басшысы болып, Тегеранның экс мэрі, бұрынғы әскери қолбасшы және полиция бастығы Мұхаммед-Багер Галибаф қызметке тағайындалды, деп хабарлайды IRIB телерадиокомпаниясына сілтеме жасаған NewsRoom+ақпарат агенттігі.  width= Параламенттің 11 шақыртуында ақпан айында сайланған ол, қызметіне жуырда ғана кірісті. Бейсенбі күні Галибаф депутаттардың дауыс беруі арқылы сайланды. Бұрынғы басшысы Али Ларинджи заң шығарушы органды үш рет сайланған 2008 жылдан 2019 жылға дейін басқарды. Былтыр ол депутаттық мандатқа таласпайтынын және университетте дәріс беретінін хабарлаған болатын. Мұхаммед-Багер Галибаф 1961 жылы 23 тамызда Иранның солтүстік-шығысындағы Торкабе ауылында дүниеге келген. 1979 жылы ислам төңкерілісінің жеңіске жеткен соң, иран-ирак соғысы кезінде 19 жасар ол, Имам Реза бригадасын, кейіннен Наср дивизиясын басқарған. Галибаф бірнеше рет президенттік сайлауда бағын сынап көрген. 2005 жылы Махмуд Ахмединежад жеңіске жетіп, мемлекет басшысы болып сайланады. Галибаф сол жылы Тегеран мэрі қызметіне кірісіп, 2017 жылға дейін басқарған. Еске сала кетсек, жаңа парламент басшысы 2013 жылы президенттік сайлауға қатысып, нәтижесінде төрт кандидаттан басым түскен Хасан Рухани билікке келген болатын.