Танымал әртіс әйел арақ ішсе бойында қалады деп неге айтты?
Бұл туралы ол «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастында айтқан еді
«Күлкі базар» театрының басшысы, актер әрі асаба Ғалымжан Қалыбаевтың әйелдерге қатысты пікір айтты,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Бұл туралы ол «Жағың сынса да, сағың сынбасын» подкастында айтқан еді.
" Арақ ішкен ер адамның бойынан 40 күнде денесінен спирт шығып кетеді. Ал әйелдің бойынан мәңгілік шығпайды. Өйткені ер адам топрақтан жаралған болса, әйел адам еттен, сүйектен жаралған. Ғалымдар бұл әдісті зерттеді. Бір ыдысқа топырақ салады, екінші ыдысқа ет салып, үстіне арақ құйып, бетін жауып қояды. Бір аптадан кейін ашса ет жақ шіріп жарамсыз болып қалған , ал топырақта суы сіңіп, спирті ұшып кеткен. Еттен, сүйектен жаралған әйелғой олардың денесінен кетпейді. Әйел 100 грамм ішті ме? Ол әйелді сен алдың ба? Сол ішімдік қыздың денесінен кетпей, зардабы сенің балаларыңнан шығып отырады,-деді ол.