Sportroom

Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының отыз үшінші жолдамасы түсіпті

Қазір Қазақстан делегациясында Париж Олимпиадасының 33 лицензиясы бар

Бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Дмитрий Панарин Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.

Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.

Қазір Қазақстан делегациясында Париж Олимпиадасының 33 лицензиясы бар:

бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);

нысана көздеу – 5;

садақ ату – 4;

семсерлесу – 4;

тас жолдағы велоспорт – 3;

қазіргі бессайыс – 2;

таэквондо – 2;

грек-рим күресі – 1;

еркін күрес – 1;

спорттық гимнастика – 1;

батуттағы гимнастика – 1;

жеңіл атлетика –1;

бадминтон – 1.

Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.