Бадминтоннан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Дмитрий Панарин Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды,- деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Cпортты дамыту дирекциясына сілтеме жасап.
Дмитрий олимпиадалық рейтингте 25005 ұпаймен 31-орынға тұрақтады. Сондай-ақ Қазақстан командалық есепте алғашқы 25 елдің қатарына кірді.
Қазір Қазақстан делегациясында Париж Олимпиадасының 33 лицензиясы бар:
бокс – 7 (ерлер 6, әйелдер 1);
нысана көздеу – 5;
садақ ату – 4;
семсерлесу – 4;
тас жолдағы велоспорт – 3;
қазіргі бессайыс – 2;
таэквондо – 2;
грек-рим күресі – 1;
еркін күрес – 1;
спорттық гимнастика – 1;
батуттағы гимнастика – 1;
жеңіл атлетика –1;
бадминтон – 1.
Айта кетейік, Париж Олимпиадасы 26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтеді.