Жаңалықтар

Жылыой ауданында 650 отбасы біржолғы материалдық көмек алды

Тұрғындардың есеп-шоттарына  100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаражат түскен

Жылыой ауданында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға біржолғы материалдық көмек төлеу басталды. Тұрғындардың есеп-шоттарына  100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни, 369 200 теңге түсті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

- Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккен отбасылардан түскен өтініштерді тәулік бойы өңдейді. Қазіргі уақытта 650 - ге жуық өтініш қанағаттандырылды, - деді Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Гүлнафис Айшуақова.