Абайтанушы маркерге теңегені үшін қазақ қыздарынан кешірім сұрады

07 Наурыз, 2020 1800 0

Белгілі абайтанушы, философ - Омар Жәлел қазақ қыздарын маркерге теңегені үшін кешірім сұрады. Бұл туралы ол өзінің фейсбуктегі парақшасында жазба қалдырды, - деп хабарлайды NewsRoom+ ақпарат агенттігінің тілшісі. 

"Аса құрметті қазақ арулары! Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Егер сіздердің арларыңызға тиетін сөз айтсам, баршаңыздан кешірім сұраймын! Менің бар айыбым - қазақша сөйлеп, қазақша ойлағаным. Бірақ көпшілік - қазақша ойлаудан кетіп қалған екен, мен соны білмеппін, бәрі түсінеді деп ойлаппын. Сол үшін де сіздердің алдарыңызда айыптымын. Ал мәселенің байыбына бармай, менің сөзімді бұрмалап, ақ жағынан емес, қара жағынан көрсетіп жатқан бауырларымызды Алла Тағала тура жолға салсын!", - делінген жазбада. 

Сондай-ақ, Омар Жәлел ең бастысы - қазақтың амандығы екенін айтып, "қазақ өсіп-өніп, ата-бабаларымыздан қалған ұлан-ғайыр жерді саналы, есті, парасатты ұрпақпен толтыруды нәсіп етсін ! Әр қазақтың қызы мұратынан айнымай бақытты болсын!", - деп сөзін аяқтапты. 

Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын "қыз деген маркер" деп пікір білдірген ол желі қолданушылары тарапынан қатаң сынға ұшыраған еді. 

Тегтер: ОмарЖәлел, маркер, тауар

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.