Танымал хакер WhatsApp-тың құпиясымен бөлісті

07 Наурыз, 2020 334 0

Anonymous жəне LulzSec тобының көшбасшысы,  Topiary лақап атымен танымал хакер Джейк Дэвис (Jake Davis) ұялы телефонға арналған WhatsApp мессенджерінің кейбір құпияларымен Twitter аккаунтында бөлісті.

Жалпы WhatsApp сіз туралы барлық мəліметті сақтап, жинақтап отырады. Джейктің айтуынша, аталған ақпараттарды сіздің рұқсатыңызсыз кез келген мемлекеттің қауіпсіздік қызметіне бере алады. Əсіресе, бұл билікке наразылық белең алған мемлекеттер тарапынан сұранысқа ие көрінеді. Сондықтан сіз қанша телефон қолдансаңыз да мәліметтер  жинақтала береді.

Аталған есепте сіздің кіммен байланыс орнататыныңыз жəне қандай топтарға мүше екеніңіз толық жарияланады. Тағы бір қызығы, хакердің айтуынша, сіз өз рұқсатыңызсыз-ақ күмəнді топтарға қосылуыңыз мүмкін. Өйткені адамдардың көбі топтарға автоқосу батырмасын өшіруді ұмытып жатады. Ал бұл біраз былыққа батыруы ықтимал екен.

Негізі  WhatsApp қолдануды туралы бар мəліметті құпия сақтауға мүдделі. Алайда арнайы қауіпсіздік қызметімен ымыраға келу қаржылық жағынан да оңтайлы екені анық.

Тегтер: хакер, WhatsApp

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.