Уақытты тиімді пайдаланамыз ба?

07 Наурыз, 2020 80 0

Уақыт адам өміріндегі ең құнды дүние. "Уақытым болмады", "қолым тимеді", "үлгермедім" деген себептерді айтып ақталып жатамыз. Кейде күйбең тірліктермен күндердің зулап, апталардың тез өтіп кеткенін байқамай қаламыз. Бұрындары қалай үлгерген, қазіргідей дайын тағам, дайын киім, дайын техникалық құралдар жоқ. Әрине оған бір ақ себеп! Ол бос уақытты тиімді пайдаланбау:
    1. Кейбір әрекеттерді мөлшерден тыс пайдалану! Ол қолымыз тисе, телефонды қолға алып, шұқылаймыз, сөйлесеміз, ұйықтаймыз, қыдырамыз.
   2.  Бос уақытымызды тиімсіз пайдалану. Жасау керек жұмысты бір шетке ысырып, интернеттегі жаңалықтарды ақтарып кететініміз рас. Немесе кеше кормей қалған сериалды көру. "Қойшы, демалайыншы, ертең істей саламын" деп ұйықтау. Немесе телефонмен сөйлесу. Болмаса көрші-қолаң, туысқанымызды аралап, қыдырып келу.
      3. Кез-келген нәрсені өз уақытында орындамау. Кейде өз уақытында орындау керек нәрсені кейінге қалдырып, еріншектікке салынып, жалқауланып кейінге қалдыра саламыз. Одан  кейін өзіңіз қалаған іспен айналасатын кезде уақыт тапшы болады.
     4. Жұмыстарды жоспарсыз бастау. Кейбір жұмыстарды "бүгін бітірсем болды" деп бір ғана іспен айналысамыз. Нәтижесінде көп нәрсені бітіріп тастауға болатын уақытты үнемдемей, біраз істі аяқтамай қою.
      Уақыт пен істі әрқашан жоспарлап, бекерге өткізбеуге дағдыланған жөн. Сонда уақыттың да жетерлік, істің де аяқталуына көзіңіз жетеді. Жоспарлы істерді бітіріп, қалған уақыттарыңызды жақындарыңызға, отбасыңызға арнаңыздар. Сіздерде күрдеріңізді жоспарлайсыздар ма?

Меруерт АМАНКЕЛДІҚЫЗЫ

Тегтер: Уақытүнемдеу, уақыттытиімдіпайдалану

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.