8 наурыз тойланбайтын елдер

06 Наурыз, 2020 92 0

 8 наурызды әр елде әртүрлі тойлайды. Кейбір елдерде қарапайым күн болса, кейбір елдерде басқа мереке күні болып тойланады екен. Назарларыңызға сол елдерде қалай тойланатыны туралы мәлімет береміз. 

 Қытайлықтар үшін 8 наурыз күнінің еш мәні жоқ. Бұрынғы революционер әйелдер ғана құттықтау алады. Бұл елде қыз-келіншектерге арнайы гүл сыйлау дәстүрі жоқ.

Латвияда 1991 жылы әйелдер күні мерекесі статусынан айырылған болатын. 2007 жылы қайта күнтізбеге енгізіліп, елдің 80 пайызы атап өтеді. 

Жапонияда да бұл  мейрам тойланбайды. Алайда көктем келісімен, қызғалдақтай құлпырған қауымын елеусіз қалдырмайды. 3 наурыз қыздарды құттықтаса, 14 наурыз жігіттердің екінші жартысын әртүрлі сыйлықтармен құттықтайды.

 Литвада 8 наурыз мереке күн емес. Үндістанда да бұл мереке тойланбайды. Бұл күні олардың өздерінің ерекше атап өтетін "Холи" мерекесі бар. Олар ерекше мерекелік көңіл күймен ән айтып, би билеп, әртүрлі сулы бояу жағып, көңіл көтереді. Ал нәзікжандылар күнін қазан айында он күн бойы тойлайды екен. 

Францияда әйелдер күні мүлдем тойланбайды. Сербия және Ұлыбританияда 8 наурыз мүлде тойланбайды. Есесіне, алдыңғысында Рождество алдында, ал кейінгісінде Пасха мерекесінен үш апта алдын "аналар мейрамы" ерекше аталып өтеді екен. Грецияда 8 наурыз тойламағанымен 8 қаңтар әйелдері күні мерекесі тойланады.


Тегтер: 8наурыз, әйелдеркүні, мереке, көктем

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.