Қарым-қатынаста әйел қандай болмау керек?

06 Наурыз, 2020 317 0

Ер мен әйелдің, қыз бен жігіттің, жалпы жаңа табысып жатқан жұптардың алғашқы үш кездесуі – олардың тағдырын шешеді. Өйткені, сол алғашқы кездесулерде-ақ олардың бар болмысы анықталады екен. Ендеше, NewsRoom+ ақпарат агенттігі алғашқы кездесуде жасамау керек қателіктерді назарларыңызға ұсынады.

Бір рет шақырғаннан жетіп бармаңыз!

Аяқтарыңыз өзіңізге бағынбай, кездесуге асығып тұрса да, бірінші шақырудан соң-ақ келісе салғаныңыз жарамайды. Ұзақ әрі бақытты қарым-қатынас бастағыңыз келсе, есіңізде болсын: Ер азаматтар оңай олжаны бағаламайды. Сондықтан әбден қинап, жалындырып барып кездесуге шығыңыз. Бағаңыз да арта түсетініне кепілдік береміз.

Ал қанша жерден ер азамат ұнап тұрса да, өзіңіздің оған деген сезіміңіз бен құштарлығыңызды білдіріп, асығыстық жасамаңыз. Ол сіздің өміріңізде пайда болғанға дейін де, жеке қызығушылықтарыңыз, достарыңыз, айналысатын ісіңіз, жұмысыңыз бар болғанын, ол принциптерден алыстамау керек екенін ұмытпағайсыз.

Қызғаныш тудыруға тырыспаңыз!

Сіздің ойыңызда жүрген жігіттің мейрамханада бөтен еркектің көзіне түсетін, «бейтаныс жігіттерден» әдемі букеттер алатын, көшеде не қоғамдық орындарда еркек танысын жиі кездестіріп қалатын «сұраныстағы» аруға мәңгі-бақи ғашық болып қалуы екіталай. Әйел адамның мұндай қулықтары сырт көзге өте аянышты әрі күлкілі көрінеді.

«Ашық кітап» болмаңыз!

Қай заманнан да жігіттерге жұмбақ арулар ұнаған. Ол талқыланбайтын, жазылмаған заң. Тіпті сіздің ішкі жан-дүниеңіз шынымен бай, рухани мықты адам болсаңыз да, оның барлығын жігіттерге көрсетудің қажеті жоқ. «Мың бір түн» оқиғасында Шахеризада өз өмірін қалай сақтап қалды? Ол керек жерде әңгімені тоқтата білді. Сонысымен де шешілмес жұмбақ бола білді. Бірінші кездесуден-ақ жігітке ақтарыла салсаң, келесі кздесуде оны немен таңғалдырасың? Қолыңыздағы бүкіл картаны бірден көрсете салудан сақтаныңыз.

Қатты мақтап жібермеңіз!

Жігіттердің өзін-өзі бағалауы жеткілікті түрде болады. Өзіне сенімсіз жігіт қызды кездесуге шақырмайтынын да ескеріңіз. Сондықтан, оны шектен тыс мақтап, жасанды өзіне сенімділік тудыруға тырыспаңыз. Мәселен, «қандай тамаша мейрамхана, осындай жерді таңдайтыныңды білмеппін» немесе «сіз мен көрген ең мықты адамсыз» деген сияқты орынсыз мақтаулар, жігітті өзіңізден бірнеше қадамға алыстатады.

Өткен уақытты өткеннің еншісіне қалдырыңыз!

Жігітке өткен өмір, бұрынғы жігітіңіз туралы ешқашан айтпаңыз және одан да бұл туралы сұрамаңыз. Әңгіме өрбітудің, өзіңді танытудың басқа да жолдары бар екенін ұмытпаңыз. Бұрынғы жігітіңіз, күйеуіңіз туралы айтылған қандай да бір естелік не әңгіме болашақта алдыңыздан үлкен дау болып шығады. Бұл – тексерілген. Сәйкесінше, жігіттің де бірінші некесі, баласы не бұрынғы әйелі туралы сұраудың қажеті жоқ. Ал өткен өмірі сізге ұнамаса, біреудің екінші әйелі болғыңыз келмесе, онда тақырыпты жылы жауып ізіңізді суытқаныңыз жөн.

Бәрін уақыт көрсетеді

Егер енді танысқан жұп бір-біріне сай болып көрінсе, ол олардың бақытты отбасы болып кетуін білдірмейді. Сондықтан, «оған мендей әйелден басқа не керек?» деген сұрақты ойыңыздан шығарып тастаңыз. Ер азамат та бөлек әлем. Оның да жеке таңдауы мен өмірлік ұстанымдары бар. Сондықтан, барлығын уақыттың еншісіне қалдырғайсыз.

Өзіңізді таныңыз, шекараны біліңіз!

Жігітпен айырылысқаннан кейін, үндемес адамға немесе үй жұмысына беріліп ететін бикеге айналат ын әйелдер көп. Мерекелерде жалғыз әрі сыйлықсыз қалғыңыз келмесе, не қалайтыныңызды айтып үйреніңіз. Бұл сіздің өзіңізді танып, қарым-қатынас шекарасын ұғынуыңызға сеп болмақ. Кез-келген ер азамат  әйелдіңу өзіне басғынышты, кіріптар болғанын іштей қалайды. Дегенмен, әйелдің не қалайтынын таба алмайды. Сондықтан не қалайсыз, ненің қалай болғаны көңіліңізден шығады, соның барлығын ер азаматыңызға ескертіп отырыңыз. Өзіңізге керек нәрсе әдемі жеткізе білу де өнер.

Тегтер: Қарым-қатынас, қызбенжігіт, ерменәйел, психология, ақыл-кеңес

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.