Аймақтар

Иманды болсын! Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы қайтыс болды

Өлімнің себебі анықталуда

Ақтөбедегі Есет батыр атындағы облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектеп-интернатының 8 сынып оқушысы есінен танып, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақтөбе қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Бір жыл бұрын Бексұлтан Әбубәкір мектептегі еркін күрес бөліміне қабылданған. 11 сәуір сағат 21:30 шамасында жасөспірім құлап, есінен танып қалғаны анықталды. Жедел жәрдем шақырылған, бірақ Бексұлтан көлікте қайтыс болды. Қазіргі таңда баланың өлімінің себебі анықталуда.

Мектеп қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде (денсаулыққа ауыр зиян келтіру және қызметтік міндеттеріне селқос қарау). Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе қалалық полиция департаменті.