Қылмыс

"Кешегі күн 33 жылдық еңбекті ақтады" Бишімбаевтың сотындағы сарапшы желіде пікір қалдырды

Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде парақшасын ашты

Әйелін өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында Салтанат Нүкенованың дене жараққаттарына қатысты деректерді айтқан сот-медицина сарапшысы Тахир Халимназаров әлеуметтік желіде жеке парақшасын ашып, көпшілікке ризашылығын білдірді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Сотты тікелей эфир арқылы көріп отырған көрермендер Тахир Халимназаровтың кәсібилігіне, біліктілігіне таң қалып, жылы пікірлерін жаудырған еді. 

Күні кеше ғана ашылған сарапшының парақшасында қазір 67 мыңға жуық оқырман бар.

"Құрметті оқырмандар! Мені қолдап, жылы сөз жазып жатқандарыңызға алғысымды білдіремін. Мен туралы және менің кәсіби біліктілігіме қатысты айтып жатқан пікірлеріңіз мен үшін өте құнды. Кешегі күн 33 жылдық еңбекті ақтады!", - деп жазды ол.