Ақтөбе облысында эвакуациялау жұмысы толығымен аяқталыпты
Елімізде 99 мыңнан астам адам құтқарылды
Ақтөбе облысында Мамыр ауылындағы су басу қаупіне байланысты ҚР Қорғаныс министрлігінің тікұшағымен 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Ведомствоның хабарлауынша, эвакуацияланғандар (оның 53-і балалар) Ырғыз ауданына жіберіліп, мектептердің біріне орналастырылды.
Бұған дейін Ырғыз өңіріндегі Торғай өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Мамыр елді мекенін су басу қаупі бар екені хабарланған болатын. Бұған дейін 33 адам эвакуацияланған, оның ішінде 24 бала.
Жалпы, бүгінге дейін Қазақстанда апат аймақтарынан 99 мыңнан астам адам құтқарылды.