Аймақтар

Атырауда Жайық деңгейі көтеріліп жатыр

Гидрологиялық мониторинг деректері шықты

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК Жайық өзенінің деңгейі өсіп жатқандығын айтты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылғы 11 сәуір 8 сағаттағы жағдай бойынша:

- Индербор кентіндегі гидропостта су деңгейінің 21 смге дейін көтерілді. БҚО тарапынан судың келуі есебінен су тасқыны басталғалы бері жалпы су деңгейінің көтерілуі - 264 см құрайды,

- Махамбет кентінде су деңгейі 37 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 260 см құрайды.,

- Атырауда су деңгейі тағы 27 см-ге көетрілді, су тасқыны басталғалы бері жалпы судың көтерілу деңгейі 121 см құрап отыр. Ал, жалпы су деңгейі 312 см-ге жетті.

- 11 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 902 м3/с құрайды, - делінген хабарламада.