Судья Бишімбаевтың екі адвокатын сот залына кіргізбей қойыпты
Бишімбаевтың адвокаттары сот залына кешігіп кепті
Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың сот отырысында судья екі адвокатты сот залына кіргізбей қойды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
11 сәуірдегі сот отырысына Қуандық Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов қана қатысып отыр. Судья қалған екі адвокат Лейла Рамазанова мен Назкен Құсайынованы сотқа кешігіп келгендігі үшн кіргізбеген.
Бұған дейінгі сот отырыстарында сотқа кешігіп келуге болмайтыны бірнеше рет ескертілген болатын. Сот отырысы 9.30-да басталатынын біле тұра қорғаушылар кешігіп келді. Сондықтан олар сот залына кіре алмайды. Үзіліс жарияланған кезде олар сотқа қосыла алады, - дейді судья.
Кешегі сот отырысында Бишімбаевтың адвокаты Назкен Құсайынова судьядан бүгінгі отырысты сағат 10.00-ге ауыстыруға рұқсат сұраған еді, алайда судья оның өтіншін қабылдамады.