Кадрлар

Жанжігіт Омархан жаңа қызметке тағайындалды

Белгілі журналист “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі лауазымына тағайындалды

Белгілі журналист Жанжігіт Омархан “Бәйтерек” ҰБХ” АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz тілшісі.

Бұған дейін Жанжігіт Омархан ҚР Транспорт министрлігінің және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде БАҚ-пен жұмыс жөніндегі құрылымдарды басқарған.

Жанжігіт Омархан Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде «Журналистика» және «Құқықтану» мамандықтары бойынша білім алған. Сондай-ақ, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығ бойынша тәмамдаған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Журналистика» мамандығы бойынша магистратурасын бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы «Астана» телеарнасында бастап, журналист-редактор және бағдарламалар жүргізушісі болып жұмыс істеді.

2011-2015 жылдар аралығында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасы мен «Еуразия - Бірінші арнасында» бағдарламалар мен ток-шоулар жүргізді.

2016 жылы – «Астана» телеарнасының «Өзекті» авторлық бағдарламасының жетекшісі және жүргізушісі.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысының «Өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі.

2019 жылдан 2021 жылға дейін – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы қызметiн де атқарды.