Алматы маңында 2 рет жер сілкінді
Алматы оңтүстік-шығысында жер сілкініпті
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы" мамандары Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай Қытайда тағы екі жер сілкінісін тіркеді.
Сейсмологтар мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 сәуірде Алматы уақытымен 23:53-те және 11 сәуірде Алматы уақыты бойынша 05:42-де болған.
Бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 487 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан. Екіншісі – Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 490 шақырым жерде Қытайда.
"MSK-64 шкаласы бойынша: Қазақстан Республикасы аумағында сезілген жоқ", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 10 сәуірде сағат 19:56-да Қытайдың дәл осы аймағында магнитудасы MPV 6,0 болатын жер сілкінісі болды. Алматыда жер сілкінісі 2 балл, Кеген және Райымбек аудандарында 3 баллдық күшпен сезілді.