«Ең ауыр күндер осымен кетсін»: Димаш құтқарушыларға барып алғысын білдірді
Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды
Әнші Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді. Бұл туралы еліміздің ТЖМ мәлім етті, деп хабарлайды Newsroom.kz
Белгілі Қазақстандық әнші әрі музыкант Димаш Құдайберген Ақтөбе облысы ТЖМ 20982 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен кездесті. Құтқарушылар қазіргі уақытта Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарын жою бойынша жұмыстар жүргізуде. Димаш Құдайбергенов өзінің сапары барысында әскери қызметкерлерге еңбектері үшін алғысын білдірді.
Ол «Демеу Қазақстан» қайырымдылық қорына 15 млн теңге көлемінде қаржылай көмек аударды.
Айта кетейік, аумақтағы авариялық-құтқару жұмыстарына Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының және Алматы қаласының құтқарушылары, сондай-ақ ТЖМ, ҚМ және ҰҰ әскери қызметшілері мен ЖАО қызметкерлері жұмылдырылған.
“Бауырларға шын жүректен рахмет айтам! Еліміз қиын күндері бәріміз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еңбек етіп жүре берейік. Ең ауыр күндер осымен кетсін, – дейді Димаш Құдайберген.