Тыңдағымыз келмейді! "Біргеміз" әні туралы жұрт не ойлайды?

Ибрагим Ескендір  «Біргеміз» әнін 2020 жылы ұсынған болатын, ол халықты біртұтас болуға шақырады

Фото: mp3

Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай өңірлерін қазір топан су басуда. Соған орай әлеуметтік желіде түрлі бейнежазбалар таралып кетті. Бейнежазбалардың көпшілігі “қиын қыстау қилы заманда” деп басталатын әнмен халықтың еңсесін көтереміз деп ойлап, керісінше одан сайын езіп жатқандай,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Желі қолданушыларының пікірінше бұл ән бірінің жүрегін ауыртса, енді бірінің мезісін шығарыпты. 
Жалпы, бұл Ибрагим Ескендірдің орындауындағы рухқа толы "Біргеміз" әні.  Сөзі Сырым Әуезхандікі.
Ибрагим Ескендір  «Біргеміз» әнін 2020 жылы ұсынған болатын, ол халықты біртұтас болып, бірлікке шақырады.  

Айта кетейік, «Дарын» сыйлығының лауреаты, әнші, боксшы Ибрагим Ескендір өзінің инстаграм парақшасына елдегі ахуал бойынша жазба жазған болатын. 
"Раббым, елімізде болып жатқан
сынағыңды жеңілдет. Жәрдеміңе мұқтажбыз. Осы істің басында жүрген азаматтарға күш қуат бер Қасиетті Қағбада еліміздің амандығын тілейміз. Қазақ елім аман болсын. Бұйырса жақында қызметте боламыз,-деді ол.

Жүктелуде...