"Бекіре"іс-шарасы: он күнде 12 қылмыстық іс қозғалды
10 күн ішінде 72 құқық бұзушылықанықталды
Ауыл шаруашылығы министрлігі балықшаруашылығы комитетінің, ІІМ және ҰҚК шекарақызметінің қатысуымен Жайық-Каспий бассейніаумағында "Бекіре" акциясы өткізіліп жатыр,-деп хабарлайды Newsroom.kz порталы ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараға Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстаноблыстары полиция департаменттері мен батысөңірлік көлік полициясының 300-ге жуық қызметкері және 28 техникасы, оның ішінде бес жүзу құралы, сондай-ақ Ұлттық ұланның әскериқызметшілері жұмылдырылды. Акцияның мақсаты - браконьерлік және балықөнімдерінің заңсыз айналымы фактілерін анықтап, жолын кесу.
- 10 күн ішінде 72 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 заңсыз өндіру фактісі, екі сатып алу немесе өткізу факісі, бір балық жәнебалық өнімдерін тасымалдау фактісі бар. 12 қылмыстық іс қозғалды. 60 әкімшілік құқықбұзушылық анықталып, екі млн теңгеден астамсомаға айыппұл өндірілді.
Құқық бұзушылардан 1,5 тоннаға жуық балық, оның ішінде 48 кг бекіре балығы және 3,5 кг уылдырық тәркіленді. Мысалы, Ақтауда автокөлік тоқтатылып, салоннан екі пластик шелекте тиісті құжаттарыжоқ, салмағы бір килограмм бекіре тұқымдасбалықтың уылдырығы табылды.
Одан бөлек, Каспий теңізінің жағасындамоторлы қайықтан тоғыз дана көксерке балығыжәне екі дана бекіре балығы табылып, тәркіленді. Бұл бағытта жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі ағаинспекторы Төлеубай Мұхамадиев.