Депутат Әділ Жұбанов тасқын судың салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты

Жылыой ауданында тасқын судан қаза болған 2 адамның денесі табылды

Фото: adil.zhubanov

Жылыой ауданының тасқын сумен күрескеніне алтыншы күн. Су тасқынының қаупі сейілгенімен, судың беті қайтпай халықты әбігерге салғанын айтты депутат Әділ Жұбанов Facebook парақшасына,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Жылыой ауданында тасқын судан қаза болған 2 адамның денесі табылды. Тағы әкелі-балалы 2 адам іздестірілуде. Баспанасына су кіріп, шарасыз күйде жүрген құлсарылықтар үшін бұл өте ауыр жағдай. Тасқын судың салдарынан қаза тапқандардың иманы саламат болсын! Отбасылары мен туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Қиын сәтте ел болып қолдау танытып, су тасқынының қаупі сейілсін, тезірек баспаналарына оралсын деп тілейміз!

Біз Мәжіліс қабырғасында зардап шеккен әр отбасыға барлық қажетті көмектің көрсетілуін, келтірілген әрбір шығынның өтелуін талап етіп, бақылауда ұстайтын боламыз. Құлсарылықтарға Алла амандығын берсін,-деді ол

Жүктелуде...