Атырау облысына 500 мың қап жеткізілді
8 сәуір күні қап Атырау қаласына жетті
Атырауға жағалау бөгеттерін нығайту мақсатында Алматыдан полипропиленнен жасалған 500 мың қап жеткізілді,-деп хабарлайды Newsroom.kz
“Атырау облысының әкімдігі облысымызға 500 мың дана қап тапсырыс берген болатын. 8 сәуір күні қап қаламызға жетті. Қала бойынша 22 координатор 5 учаскеге бөлініп, әрқайсысына 5000 данадан қап таратып жатыр және осы уақытқа дейін облыс белсенділері де көп мөлшерде қап жеткізген болатын”, -дейді ерікті, қоғамдық кеңіс өкілі Дәурен Сейтқалиев.