Әлем

Иманды болсын! Оңтүстік Кореяда қазақ жігіті қаза тапты

30 жастағы қазақстандық жұмысшы қаза тапты

Қазақстандық жұмысшы Оңтүстік Кореяда ағынды суды тазарту кезінде қаза тапты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы сайты Yonhap News басылымына сілтеме жасап.

Жазатайым оқиға 2024 жылдың 8 сәуірінде түстен кейін Чонджу қаласындағы шыны зауытының тазарту қондырғысында болды. Қазір жергілікті полиция мен Еңбек және жұмыспен қамту министрлігі тергеу жүргізуде. Шыны зауыты Оңтүстік Кореяның ауыр жазатайым оқиғаларды жазалау туралы заңына сәйкес келеді.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 30 жастағы отандасымызды тоқ соққан, кейін ауруханаға жеткізіліп, сол жерде қайтыс болды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтың қайтыс болғанын растады.