Жаңалықтар

Түркістанда “Таза Қазақстан” акциясы аяасында тропикалық талдар отырғызылды

Түркістан қаласындағы белсенді демалыс саябағының ботаникалық бағында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тропикалық өсімдіктер егілуде,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Белсенді демалыс саябағының жалпы аумағы – 10,5 гектар. Көгалдандыру алаңы – 61 891,78 шаршы метрді құрайды. Саябақтың аумағында орналасқан Ботаникалық бақ келешекте сұранысы жоғары демалыс орнына айналмақ. Айта кетейік, елімізде баламасы жоқ бұл саябақта тропикалық гүлдер мен талдар өсіріледі. Арнайы жылыжай-ғимаратында жылыту жүйесінің арқасында саябақ жыл бойы жасыл болып тұрады. Саябаққа түрлі құстар, балықтар әкелінеді деген жоспар бар. Бүгінде талдар мен гүлдер егіліп, көгалдар төселген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі