Құлсарыда бүгін тағы бір адамның мүрдесі табылыпты
Осы уақытқа дейін су тасқыны кезінде 3 адам мерт болды
Құлсарыда бүгін тағы бір адамның мүрдесі табылды. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖ баспасөз қызметі мәлім етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz
"2024 жылғы 9 сәуірде сағат 12:27-де ТЖД құтқарушылары Жылыой ауданы Құлсары қаласы "Рамазан" дүкені тұсынан ер адамның мүрдесін тауып, Полиция қызметкерлеріне тапсырды" делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, осы уақытқа дейін су тасқыны кезінде 3 адам мерт болды. Ал, жоғалған әкесі мен баласы әлі де іздестірілуде.
ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.