Су тасқыны салдарынан республикалық маңызы бар 14 автожол жабылды
Қазір республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылды
“ҚазАвтоЖол” 7 облыстағы бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарды су басып қалғанын мәлімдеді,- деп хабарлайды Newsroom.kz
“2024 жылғы 8 сәуірдегі сағат 07:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Атырау, СҚО, Павлодар, Қостанай) жалпы ұзындығы 3206 метр 6 автожол су астында қалды”, – делінген хабарламада.
7 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Павлодар, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар ұзындығы 679 шақырым 14 автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қазір республикалық жолдарда 305 бірлік техника мен 357 адам жұмылдырылды.