Атырау облысында Жайық өзені тұсынан адамдардың бас сүйегі табылыпты
Жайық жағасынан 11 дана бас сүйек табылған
Атырау облысы Махамбет ауданындағы Жайық жағасын бекіту жұмыстары кезінде топырақ толтырылған қаптардың үстіне қойылған 11 дана бас сүйегіне ұқсас сүйектер мен бірнеше сүйектердің фотосы тарады,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы caspiannews.kz-ке сілтеме жасап.
Желіде бұл фотоның Сарайшық ауылында түсірілуі мүмкін деген ақпарат шығып, ол расталды.
"Ескі Сарайшық ауылының “Қыз әулие” мәйіті жерленген тұста (ауылда ескі Сарайшық кезінде жерленген мәйіттер өте көп, археологиялық қазба жұмыстары жүргізілуде) Жайық өзені жағасына бөгет тұрғызу үшін сол жердің топырағын күреу кезінде шыққаны анықталды. Ескі Сарайшық ауылы ертедегі мәйіттердің үстіне салынғандықтан, тұрғындарды көшіру жұмысы жоспарлануда" деді "Сарайшық музей-қорығы директоры Әбілсейіт Мұхтар.