Полиция қызметкерлері Құлсары қаласына көмекке барды
Атырау облысы полиция департаментінен 225 қызметкер, 33 техника жұмылдырылды
Құлсары қаласында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Атырау облысының полиция қызметкерлері көмек көрсетуде,-деп хабарлайды Newsroom.kz
«Біз полиция департаменті қызметкерлері, облысымызда төтенше жағдай орын алған Құлсары қаласына көмек көрсетуге арнайы келдік. Бұған дейін Қызылқоға ауданында тасқынмен күреске атсалысқан болатынбыз. 1 аптадан бері Құларыда жүрміз. Еліміз үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз”,-дейді полиция қызметкері Азамат Рысбаев.
Полиция қызметкерлері қауіпті аймақта үйлері суға кеткен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге ат салысты. Атырау облысы полиция департаментінен 225 қызметкер, 33 техника жұмылдырылды