Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Полиция қызметкерлері Құлсары қаласына көмекке барды

Атырау облысы полиция департаментінен 225 қызметкер, 33 техника жұмылдырылды

Полиция қызметкерлері Құлсары қаласына көмекке барды
Фото: Фото: newsroom.kz порталының меншікті тілшісі Динара Сембаева

Құлсары қаласында болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Атырау облысының полиция қызметкерлері көмек көрсетуде,-деп хабарлайды Newsroom.kz

«Біз полиция департаменті қызметкерлері, облысымызда төтенше жағдай орын алған Құлсары қаласына көмек көрсетуге арнайы  келдік. Бұған дейін Қызылқоға ауданында тасқынмен күреске атсалысқан болатынбыз. 1 аптадан бері Құларыда жүрміз. Еліміз үшін отқа да, суға да түсуге дайынбыз”,-дейді полиция қызметкері Азамат Рысбаев.

Полиция қызметкерлері қауіпті аймақта үйлері суға кеткен тұрғындарды қауіпсіз аймаққа көшіруге ат салысты.                                                                              Атырау облысы полиция департаментінен 225 қызметкер, 33 техника жұмылдырылды