Алматы: Алмалы ауданыда "Алматы - ортақ үйіміз" әлеуметтік жобасы басталды
"Біздің қала - біздің көшелер" акциясы аясында жұмыстар жүруде
"Алматы - ортақ үйіміз" атты әлеуметтік жоба аясында қала көшелерінде тазалық акциялары басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Табиғатты қорғап, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған акция бойынша 1 ай бойы қала тұрғындары әкімдікпен бірлесіп экологиялық жұмыстарды жүргізетін болмақ.
Акцияның әрбір аптасы арнайы тақырыптарға арналады.
Жобаның алғашқы аптасында 8-14 сәуір аралығында, Алмалы ауданында "Біздің қала - біздің көшелер" акциясы бойынша жұмыстар басталып кетті.
"Қазір Гоголь көшесінде және Есентайдың қиылыс көшелерінде жұмыс жүріп жатыр. Дәлірек айтқанда, қоқыс жәшіктері, саябақтардағы орындықтар боялды. Бұл шара осы айдың соңына дейін жүргізіледі. Аталған акция қала тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге көмектеседі",- дейді Алмалы ауданы көріктендіру бөлімінің басшысы Тоқсанбаев Нұрдаулет.
9 мамырға дейін жалғасатын акцияда 4 апта бойы сенбіліктер өтіп, түрлі шаралар жүргізілетін болады.