Аймақтар

Алматыда "Алматы - ортақ үйіміз" әлеуметтік жобасы басталды

Алатау ауданында "Біздің қала - біздің көшелер" акциясы бойынща жұмыстар жүруде

Алматыда 8 сәуірден бастап, "Алматы - ортақ үйіміз" атты әлеуметтік жоба басталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Жоба аясында әкімдік 1 ай бойы қала тұрғындарымен бірге қалада сенбіліктер өткізіп, тазалық шараларын ұйымдастыратын болады. Айдың әр аптасында шаһарда тақырыпқа сай жұмыстар істелінбек:

Жобаның алғашқы аптасында 8-14 сәуір аралығында, Алатау ауданында "Біздің қала - біздің көшелер" акциясы бойынша жұмыстар жүргізіледі.

Алатау ауданы Нұркен шағын ауданында тазалық, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

"Біздің "Алматы - ортақ үйіміз" атты акциямыз ауданда барлық мекенжайда жүргізіліп жатыр. Жұмысшылар, техникалар жұмылдырылды. Абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Нұркен шағын ауданында автобус аялдамаларын жуып жатырмыз, абаттандырып, көшелерге ағаш отырғызып, жабайы қоқыстан тазалаудамыз. Ауданымыздың барлық бөліктерін тазалап жатырмыз",- деді Алатау ауданы әкімшілігінің көріктендіру бөлімінің бас маманы Аманжолов Талған Оразымбетұлы.

Сондай-ақ Талғат Оразымбетұлы туған жерге деген махаббат - табиғатты сүюмен басталатынын айтып, қала тұрғындарын бірлікке шақырды.

"Біз "Алматы ортақ үйіміз" компаниясына қосылдық. Туған жерге деген сүйіспеншілік - табиғатты сүюмен басталады. Біз ортақ үйіміздің әдемі келбетін лайықты түрде сақтап алуымыз үшін, қаламызға тәртіп мен тазалық мәдениетің сіңіргіміз келеді. Сүйікті қаламызда жайлы өмір сүру үшін аулаға, көшелерге, қоғамдық орындарға қоқыс тастамауға шақырамыз. Қаладағы әрбір адам тәртіпті сақтауға, ортақ үйіміз Алматыны таза ұстауға ұмтыла алады. Біз өз акцияларымыз арқылы қаланың әрбір тұрғынын осы компанияға қосылуға шақырамыз. Біз қала тұрғындары - көппіз, бірақ қаламыз, көркем шаһарымыз - біреу ғана. Таза қалаға деген маөхаббат өзімізден басталады. Ортақ үйімізге үлесімізді қосайық дегім келеді",- деді ол.

Айта кетейік, Әлеуметтік жоба 1 ай бойы 8 сәуірден 9 мамырға дейін жалғасатын болмақ.