Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК хабарлауынша, Жайық өзеніндегі су деңгейі көтерілуде,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
Гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 2024 жылғы 8 сәуірдегі сағ. 08.00-де жағдай бойынша өткен тәулікте:
- Индербор кентіндегі гидропостта деңгейдің 44 см биіктікте көтерілуі, БҚО тарапынан судың түсуі есебінен су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 183 см құрайды;
- Махамбет кентінде су 62 см-ге көтерілді;
- Атырауда 20 см.
"8 сәуірде Иректі су қоймасынан жіберілген су көлемі 1670 м3 / с құрайды", - делінген хабарламада.