Жаңалықтар

Атырау қаласын топан судан сақтап қала аламыз ба?

Болжам бойынша Атырау қаласына 20-21 сәуірде су тасқыны келуі мүмкін

Атырауды су тасқынынан сақтап қалу мүмкіншіліктерін барынша қарастырылуда екенін Атырау облысы әкімінің орынбасары мәлім етті,-деп хабарлайды Newsroom.kz 

"Болжам бойынша Атырау қаласына 20-25 сәуірде су тасқыны келуі мүмкін. Алайда мамандар әліде зерттеуде. Бізде уақыт бар суды қайтару үшін. Қазіргі таңда қаладан кетеміз дейтіндей қауіп жоқ. Төтенше жағдай дегеннен қорықпаймыз. Суды далалыққа жіберіп, қаланы аман сақтап қалу мүмкіндігін мамандармен қарастырудамыз,"-деді Атырау облысының әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев