Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Премьер-министр Атырау облысына келіп, су тасқыны жағдайын тексерді

Олжас Бектенов Құлсарыдағы су тасқыны жағдайын тексеріп, тұрғындармен кездесті

Премьер-министр Атырау облысына келіп, су тасқыны жағдайын тексерді
Фото: caspiannews.kz

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Атырау облысындағы ағымдағы жағдайды тексерді,- деп хабарлайды newsroom.kz.

Ол аумақты тікұшақпен аралап, өзен жағалауларын нығайту жұмыстарының барысын қарады.

Олжас Бектенов Құлсары қаласының тұрғындарымен сөйлесіп, олардың қабылданып жатқан шараларды күшейту бойынша сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ Жайық және Жем өзендеріндегі жағдаймен танысты.

Жылыой және Қызылқоға аудандарында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі сақталып отыр.