“Тағы 4 әйелдің анализі шықты” Қ.Досжан жаңа дерекпен бөлісті
Шетел асқан қазақ баласына қатысты ақпарат шықты
Белгілі журналист Қымбат Досжан әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған қазақ баласы Жәнібекке қатысты жаңа деректі жариялады, деп жазады newsroom.kz.
Оның айтуынша, қан тапсырған 4 әйелдің анализінің қорытындысы шыққан.
"Қадір түні алдында сүйінші жаңалық бола ма деп күтіп едік. Тағы төрт әйелдің анализі 0 пайыз шықты… Тастанды сәбилерді қуыршақтар ауыстырғандай, ізін таппайтындай еткен ғой, Арқалық перзентханасы мен балалар үйі. Бірақ біз беріспейміз, қуанатын кез алда, Жани. Жауаптыларға тықыр таянды." – деді ол.