Шавкат Рахмонов қазақстандықтарды су тасқынынан зардап шекендерге көмектесуге шақырды

Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды

Фото: Almaty.tv

Спортшы Шавкат Рахмонов елдегі су тасқынына байланысты қазақстандықтарға үндеу жасап, көмек қолын созуға шақырды,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Шавкат Рахмоновтың халыққа жасаған видеоүндеуі Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.

"Ардақты ағайын, "Апат айтып келмейді" дейді халқымыз. Көптеген ауыл-аймақты су басып қалды. Үлкендеріміз мұндай апат бұрын-соңды болмағанын айтып жатыр. Мемлекет тарапынан барлық шара қабылдануда. Әскерилер, құтқарушылар мен еріктілер су тасқынымен күресуге жұмылдырылды. Олар күн-түн демей жұмыс жасап жатыр. Осындай сын сәтте бәріміз бір болайық. Зардап шеккендерге көмек көрсетейік", - деді ол.

Жүктелуде...