Шоубиз

"Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім": Баян Алагөзова мәлімдеме жасады

2016 жылғы маусымда Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі әйелін бірнеше рет пышақ сұққан

Танымал продюсер әрі актриса Баян Мақсатқызы бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың мейрамханада Салтанат Нүкенованы соққыға жыққан видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Бұл сұмдықты мен де бастан өткердім, мұндай күйде ер адам жанашырлық дегенді мүлде білмейтінін сеніммен айта аламын, - деп жазды Баян Мақсатқызы.

Естеріңізде болса, 2016 жылғы маусымда Баян Алагөзованың бұрынғы күйеуі әйелін бірнеше рет пышақ сұққан. Ол ауыр халде Талғар аудандық ауруханасына жатқызылды. Ер адам адам өлтіруге оқталу бабы бойынша кінәлі деп танылып, алты жылын қатаң режимдегі колонияда өткізді.