Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады
Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды
Ұлттық Банк "сақтандыру жағдайларын" пайдаланатын алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертті, - деп хабарлайды Newsroom.kz ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұлттық Банк жеке тұлғаларға қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаржы құралдарын сақтандырумен айналыспайды.
"Ұлттық Банк сот ісі мен шешімдері аясында жасалған "жеке сот орындаушыларының" жалған құжатын ұсыну арқылы алдайтын алаяқтардың жиілеп кеткенін ескертеді. Қаражат жымқыруды көздейтін қаскөйлер өздерін жеке сот орындаушысы ретінде таныстырып, азаматтарға жалған құжаттар жібереді. Онда азаматтарға тиесілі Ұлттық Банкте "жеке тұлғалардың ашық және сақтандырылған шоты" бар деп алдайды. Сол үшін жәбірленуші тарап ретінде азаматтарға ақшалай төлемдер мен өтемақылар төленеді деген сылтаумен кейін "Ұлттық Банктің қаражатынан" өтеледі деп сақтандыру жарнасын енгізу керек екенін алға тартады", - делінген хабарламада.