"Жерде жатқанды ұрмау ұстанымы болатын" Нәрікби Мақсұт Бишімбаевтың соты туралы айтты

Нәрікби ер блогерлерге үндеу жасады

Фото: әлеуметтік желіден

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген айыппен қамауға алынған Қуандық Бишімбаевтың сот отырысы жалғасуда,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Кешегі отырыс барысында Bau мейрамханасында Салтанат Нүкенованың соққыға жығылған сәті түсірілген видео көрсетілді. Бұл қорқынышты көріністі желі қолданушылары түрлі пікірлермен қызу талқылап жатыр. Белгілі блогер Нәрікби Мақсұт әлеуметтік желісіндегі парақшасында бұл проблеманы қоғам болып талқылауға шақырды.

"Мен мына есуастың сөзін 5 минут тыңдай алмай, эфирді өшіріп отырдым. Салтанат осыны күн сайын, айлап, жылдап тыңдап жүрді. Бүгінгіден кейін біз қоғам болып өзгермесек білмеймін енді. Шыны керек, еркек адам ретінде түрлі төбелестерде болдық қой. Бірақ, қандай жағдай болмасын, тіпті еркектер арасында жерде жатқанды ұрмау ұстанымы болатын",- деп жазды ол. 

Сондай-ақ Нәрікби Мақсут қазақ тілінде ақпарат тарататын ер блогерлерге үндеу жасап, өз парақшаларында осы мәселені көтеруді сұрады. Қоғам ретінде бұл мәселені қозғауға шақырды. 

"Көбінесе қазақ тіліндегі еркек блогерлер бұл туралы айтуды тоқтатты. Осы бір мәселеге ешнәрсе айтпай өтіп кетсеңіздер білмеймін. Менің ойымша, қоғам ретінде бұл мәселені қозғау керек. Әсіресе, еркек кісілер сіздердің аудиторияларыңызға айту қажет. Себебі, сіздерді еркектер оқиды",- деп жазды ол.

Жүктелуде...