Қылмыс

"ҚазАвтоЖол" басқармасының экс-төрағасы ұсталды

Ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

Астанада аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқармасының бұрынғы төрағасы Асқар Муратұлы ұсталды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

"Астана бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ-ның экс-басқарма төрағасы А.Муратұлы ұсталды", - делінген хабарламада.

Сот күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.